"Жарқын болашаққа жетелейтін дорба" қайырымдылық шарасы

Дорба ішінде 0-ден халықаралық Жасанды Интеллект Инженері деңгейіне жеткізетін 6 кітап сериясы және қойын дәптері бар




Бағдарламалау тіліне кіріспе




Алгоритмдер және деректер құрылымдары




Машинаны Үйрету




Компьютерлік Көру




Табиғи тілді талдау




Жасанды интеллект саласы бойынша ғылыми мақала жазу құралы




Қойын дәптер




1 студентке арналған дорба құны
50 000 теңге,
Қайырымдылыққа қолдау көрсету үшін Kaspi: +7 778 992 62 34 нөмеріне ақша жібере аласыздар. Қайырымдылық жайлы хабарласу үшін magzhan.kairanbay@gmail.com жазсаңыз болады.


Қазақ халқының әлемдік аренада мықты "Ақпараттық Технология" мемлекетіне айналып кетуіне өз үлесіңді қос.

Қазақ жастарына "жарқын болашақ" үмітін сыйла




кітап сатып алу

Кітап 1: Python тілінде бағдарламалау негіздері

Кітап жайлы: Бұл оқулық бағдарламалауға жаңа аяқ басып келе жатқан адамдарға арналған. Бұл оқулықты оқып, сонымен бірге кішігірім жаттығулар жасаған адам Python тілінде өте қарапайым бағдарламалар жаза алатын дәрежеге жетеді. Осы оқулықты толығымен меңгеріп болған соң, алгоритмдік есептерді Python бағдарламалау тілі арқылы көптен шығарған жөн. Осылайша сіз осы оқулықта үйренген білімдеріңізді практикалық тұрғыда шыңдайсыз.

Кітап 2: алгоритмдер және деректер құрылымдары

Кітап жайлы: Бұл кітапта информатикада кеңінен қолданылатын негізгі алгоритмдер мен деректер құрылымдары қарастырылады

Кітап 3: Машинаны үйрету

Кітап жайлы: Бұл кiтаптың басты мақсаты — машинаны үйрету саласын оқырмандарға таныстыра келіп нөлдiк деңгейден халықаралық дәрежедегi Junior Machine Learning Engineer деңгейiне дейiнгі бiлiм беруді іске асыру. Өз тарапымыздан Junior Machine Learning Engineer деңгейін көздейтін тақырыптарды қарастырып, оларға толықтай түсінік беруге тырыстық. Әр тақырыптағы өз бiлiмдерiңiздi тексеру үшiн тест сұрақтар мен жаттығулар берiп отырдық. Сол сұрақтардың кiтап соңындағы жауабын қарап, өз бiлiмдерiңiздi тексере аласыздар. Сонымен бірге, әр тақырып үшiн Python тiлiнде код жазылып, сол тақырыпты теориялық түрде түсiнiп қана қоймай, сол кодты бiзбен бiрге жазып, практикалық тұрғыдан бiлiмдерiңiздi арттыра алуға қолайлы жағдай жасадық. Кiтаптағы әр бөлiмдi оқып болғаннан кейiн сол тақырыпқа байланысты есептер шығара аласыздар. Автоматтандырылған тексеру жүйесi сiздiң кодыңызды тестiлеу арқылы дұрыс не бұрыс екенiн анықтап бере алады.

Кітап 4: Жасанды интеллект саласы бойынша ғылыми мақала жазу құралы

Кітап жайлы: Осы кітапта мақала жазу тәртібі, заңдылықтармен сізді таныстыратын боламыз. Бұл кітап жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеу жұмысын әзірлеуге үйретеді. Бірақ, бұл кітаптан алған білімдеріңізді ақпараттық технология салаласының өзге де тармақтарында қолданып, мақала жаза аласыз. Мақала жазу форматы бойынша мақаланың әр бөлігін жеке түсіндіретін боламыз. Сонымен бірге, оқырмандарға түсінікті болу үшін мысалдар келтіріп отырамыз. Бұл кітаптың басты мақсаты — сіздерге қарапайым қазақ тілінде жоғары дәрежелі, халықаралық деңгейдегі мақалалар қалай жазылатынын түсіндіру. Бұл кітапты оқып, өз ғылыми зерттеулеріңіздің негізінде ағылшынша ғылыми мақала жазып, оларды журналдарға немесе конференцияларға жібере аласыз. Кітап соңында конференция мен журналдарды қалай таңдау керектігін көрсететін нұсқаулық көрсетілген. Сонымен бірге мақала жазу барысында Google Scholar, LaTeX сияқты құралдармен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіретін боламыз. Кітаптың соңында постер мен слайдтарды қалай жасау керектігін үйретеміз және ғылыми этикаға шолу жасаймыз.

Кітаптардың авторы


Мағжан Қайранбай


Машинаны үйрету саласында 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. 2020 жылы Малазиялық Multimedia University университетінде машинаны үйрету саласы бойынша ғылым докторы атанған. 2018 жылдан бері Suleiman Demirel University университетінде машинаны үйрету және компьютерлік көру курстары бойынша аға оқытушы болып қызмет атқарады. Сонымен қатар Оңтүстік Шығыс Азиядағы SOCAR, AirAsia, 123rf, Bolttech сияқты компанияларда "аға машинаны үйрету" инженері болып жұмыс істеген. Қазір Сингапурлық Bolttech компаниясында "аға машинаны үйрету" инженері болып жұмыс атқарады. Қазіргі таңда Мағжан Қайранбай жасаған машинаны үйрету жобалары Оңтүстік Шығыс Азия және Еуропа нарығында кеңінен қолданылады.

Кітап жайлы пікірлер






Бағдат Батырбекұлы Мусин

Мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.


Digital Nomads мүшесі – Мағжан Қайранбай есімді отандасымыз қазақ тілінде «Машинаны үйрету» атты кітабын жарыққа шығарды. Машинаны үйрету/Machine Learning – 20 ғасырда пайда болған ғылым саласы. Оның басты мәні IT саласындағы ілімдерді деректер арқылы компьютерге енгізу және толықтырып отыру. Автордың қазақ тіліндегі оқу құралында машинаны үйретудегі бағдарламалау, инженерлік бағыттағы ақпараттар шоғырланған. Теориялық және практикалық сұрақтар мен жаттығулар берiлген. Бұл оқу құралы машинаны үйрету саласына жаңадан аяқ басқан оқушы, студент немесе осы бағытта жұмыс iстеймiн деген азаматтарға таптырмас дүние. Шыныменде, Ағылшын және орыс тiлдерiнде машинаны үйрету саласы бойынша ақпараттар өте көп болғанымен, қазақ тiлiнде кемде-кем. Мағжанның бұл туындысы – қазақ аудиториясы үшін өте құнды оқулық. Шетелдің алпауыт компаниясында қызмет етіп жүрсе де, еліне қол ұшын созып жатқан Мағжанға өз ризашығымды білдіремін.

Толығырақ







Dr. Арман Жармағамбетов

Meta AI (FAIR) postdoc ғалымы


Бұл кітап - қазіргі таңда болып жатқан Жасанды Интеллект саласындағы дағдарыс кезеңінде өте орынды жарық көріп жатқан туынды деп ойлаймын. Бұл саланың (AI) біздің күнделікті өмірімізге, болашағымызға тиетін ықпалы зор екені сөзсіз. Сондақтан елімізге осы кәсіпті игеретін жоғарғы сапалы мамандар ауадай қажет. Кітап заманауи халықаралық стандарттарға сай жазылған және Machine Learning бойынша фундаменталды тақырыптардың бастамаларын қамтиді. Теориялық материалдармен қоса бағдарламау тілдері арқылы шығарылатын практикалық есептер де бар. Жалпы айтқанда, бұл саланы өзіне ашқысы келетін жоғарғы класстағы оқушылардан бастап кез келген жастағы адамға бағытталған тамаша туынды деп ойлаймын.









Zhassan Baipakbayev

Senior Software Engineer (Google, US)


    Ғылымның дамуына байланысты, әр кезеңнің өзіне сай, жалпы қолданыстағы ғылыми және технологиялық жаңалықтар жалпы пәндерге айналып жатады. Бара бара жалпы білім деңгейінің көрсеткішіне айналып кетеді. Мысалы, осы замандағы оқушылар мен студенттер үшін, қай салада болмасын, бағдарламалау тілдерінен хабардар болу міндет.
    Жасанды интеллект те, сол сияқты, тек технологиялық білім үшін ғана емес, жалпы дүниетаным үшін аса маңызды тақырыптардың біріне айналып барады. Себебі ол компьютерлік алгоритмдер арқылы ақыл-ойдың жүйесін түсіндіруді бұрынғыдан әлдеқайда жоғары деңгейге шығарып отыр.
    Машинаны үйрету сол жасанды интелекттің негізгі мәселесі. Мағжанның бұл кітаптары қазақ тілі басым ортаға сол білімді тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игеруге есік ашып отыр.

Тапсырыс беру